Алматы облысы, Жамбыл ауданы
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп» КММ
химия пәнінің мұғалімі: Мамыркулова Умиткул Кенжекановна
С. Рефлексия және даму
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Білім беру үрдісінде дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру жобасын құрастыру бүгінгі күні негізгі мәселе болып табылады, өйткені бүгінгі күн талабына негізделген мемлекетіміздің келешегіне білікті де тәжірибелі мамандар қажеттігінен туындайды. Осы бағдарламада қарастырылған 7 модуль идеясы сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара тығыз байланысты екеніне көз жеткіздім.Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын құрудағы мақсатым оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу дағдыларын дамыта отырып, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды және әр түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдана отырып «Химиялық құбылыстар және реакцияларды» өмірде пайдалана білуге дағдыландыру, оқыту мен оқуда АКТ қолдануды оқушы бойына дарыту болды. Мақсатымыз жүзеге асатындай қол жетімді болуы тиіс.Күтілетін нәтиже оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады (МАН 12-б). Орта мерзімді жоспар құру сабақ өткізуде оны жоспарлай білуге тиімді. Сабақ әр бөлімге сай кіріктіріліп жасалады.Парақшада сабақтың мақсаты, нәтиже, қолданатын әдіс- тәсілдер көрініп тұрады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыруда мұғалім көшбасшы екендігі анықталынады. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыруға болады. Ой жинақтауға көп көмегін тигізеді. Орта мерзімді жоспар, күнтізбелік жоспардан сабақ жоспарына дейінгі байланысты бекітіп, ой өрбітті. Ұстаз үшін тиімділігі өткен сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданғандығы айқын көрініп тұрады.
Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа бірнеше модульдің қалай және неге енгізілетінін түсіндіру мақсатында сабағымды бастамас бұрын әр сабағымның басында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін топқа бөлудің тиімді жолдарын қарастырып отырдым. Мұндағы мақсатым оқушылардың бір-біріне деген қарым- қатынасын жақсартып, бірлесіп жұмыс жасау арқылы мәселенің түйінін бірге шешуге ұмтылдыру болды. Бірінші сабақта «Физикалық және химиялық құбылыстар» тақырыбындатабиғат құбылыстары бейнеленген қағаз қиындыларын топтастыру арқылы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Үй жұмысын деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы ойлауды, талқылауды, жоспарлауды талап ететін дарынды және талантты балаларды оқыту модулін қолдандым. Сабақта зертханалық тәжірибе жасауы (қантты ұнтақтау, алманың қараюы, сымды ию, металл натрийдің суда еруі) қызықты болды. Электрондық оқулықтан виртуалды зертхана жасалып, дәптерлеріне кесте сызып, тәжірибені қорытындылады. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Иә, жоқ» стратегиясын қолдандым. Оқушылардың көбі оқу мақсатына жетті, себебі оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысты, өйткені қойылған сұрақтарға бірін-бірі толықтырып, әр сұраққа жауапты нақты және мысалдарымен қарастырды. Ал кейбір оқушылар өз үлесін қосуға тырысып отырды. Сабаққа оқушылар толық қатысып отырды. Оқу барысында АКТ-дан көру, тәжірибе жасап, талдау, салыстыру қабілеттері орындалды. Екінші сабағымда ең тиімді болған тапсырма электрондық оқулықтан тыңдалым арқылы ойды жинақтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу, химиялық терминология бойынша сәйкестендіру тесті (қазақша, ағылшын) және сабақтың соңындағы рефлексия «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз». Мені таң қалдырғаны оқушылар өздерінің сабақта алған білімдерін нақты бағалауы. Стикерлерін көбі ереже шығанағына ілді. Осы топтамадағы сабақтың тиімді болған жері оқушылардың оқу және проблемаларды шешу, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, зейін қою, шығармашылық зияткерлік қабілеттерінің аз да болса дамығанын төртінші сабағымда көрдім. Бұл бірлескен оқу барысында байқалды, себебі оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдарға күмәнмен қарауға, жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Сыныптағы дарынды және талантты оқушы берілген есептің екі түрлі шешімін табуға әрекет жасайды, ал барлығы бір ғана шешімін табады. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізудегі алдыма қойған мақсатым-химия пәнін терең түсіну қабілетін дамыту, оқушының білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұдан кейінгі сабағымда балалар өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінді де өзіне жеке мақсат қоя алды деп ойлаймын. Себебі келесі сабақты қалай өткізу керектігіне өздері ұсыныс жасады. Осы топтамада сәтсіз болған жерлер де болды. Топқа бөлу барысында түрлі дағдылы оқушылардың бірігуін қадағаламаппын, оны топтық жұмыс жүргізгенде оқушыларға рөлдер, міндеттер бөлген кезде байқадым. Бұл жерде оқуға тартылмай қалғандар болды, себебі оқу үдерісін баяу қабылдайтындар бір топта болды. Осы кедергіледі ескере отырып, келесі үшінші сағатта сәтсіздікті түзеттік. Екінші сәтсіздік өзім сабақ беретін сыныбымдақай оқушының берген білімді қандай дәрежеде, қалай қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапрсырмаларды бағалауда көбінесе салыстырмалы түрде қоятынмын, мысалы ол үшке оқитын бала ма ол үшке қорытылуы тиіс болып тұратын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып үйреніп қалған маған сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көп көңіл бөлуім керектігін түсіндім. Мектептегі тәжірибе барысында анықтап алған «кері байланыс орнату арқылы оқушылардын жетістігін жақсарту» мәселесін шешу мақсатында сабағымаөзгеріс енгізу үшін алғашқы қадамымды даму жоспарын жоспарлаудан бастадым. Осы орайда мен таңдап алған басымдығым кері байланыстың өзін пайдалана отырып, сыныптағы оқыту мен оқу үдерісіне енгізілетін жаңалық кері байланыс парақшаларын, оқушылардың сабақбарысында жазған рефлексияларын, кері байланыс стратегияларын қолдану барысында болашақта алуға болатын ықтимал жауаптарын ескердім.
Коуч ретінде мен өз мектебімдегі әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында көмек көрсеттім. Соның нәтижесінде әріптестерім өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етілді. Коучинг үдерісін 21 әріптеспен өткіздім. Олардың еңбек өтілдері әртүрлі. «Жұмыла көтерген жүк-жеңіл» демекші, бірлескен оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір жетістікке жету үшін әріптестер тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білімдерін дамытады(МАН-86б.). Коучинг тақырыбы «Диалогтық оқыту» мұғалімдердің қажеттілігіне бағытталды. Әріптестеріммен сұхбат жасағанымда осы тақырыпқа тоқтады. Әріптестердің ұсынысы диалогтік оқытудағы әңгіменің үш түрін нақты, анық талдау болды. Осы орайда мұғалімге қойылатын талап ерекше, қазіргі заман мұғалімі білімді, парасатты, сонымен қатар білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды меңгерген болуы керек. Оқу барысында компьютерді пайдалануға, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Диалогтік оқытудың көмегімен оқушының оқуға қызығушылықтары артып, өзіндік баға беруі, өзін-өзі бағдарлауы дамиды. Коучинг сабағымның мақсаты диалогтік оқытуда зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын орта қалыптастыру, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үдерісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқу үдерісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді.
2. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады.
3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.
4. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Әріптестеріме теориялық біліммен қатар практикалық білімді ұштастыру үшін диалогтік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалану, өз сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектесетіндігін ұғындыру. Коучингке қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріп, «Сіз өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап беруін сұрадым. Жауабын «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырды. Осыдан кейін «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» бейнефильмін көруге ұсындым. Соңынан талдау жүргіздім. Бізге өзгеру керек пе? Сіз нені өзгертер едіңіз? Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек? Қатысушыларды (көк, сары, жасыл) түстер арқылы үш топқа бөліп, таңдаған түстері бойынша адамның қасиеттеріне сипаттама бердім. Джиксо әдісін пайдаланып, нұсқаулықтан берілген түсіндірме мәтінін топқа таратып бердім. Топтар диалогты оқыту модулін оқып танысып, топ ішінде жаңа ақпаратпен алмасты. Бірінші топ «әңгіме-дебат», екінші топ «кумулятивтік әңгіме», ал үшінші топ «зерттеушілік әңгіме» ретінде постер жасап қорғады, өзара бағалады. «Мармозетка» ойынында - сұрақтар бере отырып, диалогқа түсірдім. Тапсырманы орындау үшін бірнеше ойлау деңгейінен өтеді. Коучингке қатысушыларға қағаздан ұшақ жасауға тапсырма бердім. Ұшақ жасағаннан кейін әр қатысушы зат есімге байланысты сөз жазып, оны әріптесіне қарай ұшырды. Екінші адам сол сөзге сұрақ жазып, ұшырды. 3-ші адам сол сұраққа жауап жазды. Нәтижесінде сұрақтардың түрлері: төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі сұрақтың дұрыс қойылуы талданды. Мұғалімдерге сабақта оқушыларға ашық сұрақ қою ұсынылды. Қатысушылардан «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде кері байланыс және екі әріптестен дәлелдеме ретінде бейнежазбаға түсірілген кері байланыс алынды. Коучингтен кейін екі әріптесімнің сабағына қатыстып, коучингтен үйренген әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану аясын зерделедім. Әріптестерімнің сабақтарында көбіне ашық сұрақтар қойып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлануына жетелеуі мені қуантты.
Болашақта, бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі - ата-ана мен мектеп арасында кері байланыс орнату, ата–ананы мектеп өміріне жақындату. Қорыта айтқанда, мектептің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін назарға ала отырып, нақты нәтижеге бағытталған әрекеттерді жинақтау арқылы оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу жолдарының маңызды екенін түсіндім.
Тәлім алушы П.есімді мұғалім өзінің ішкі уәжімен келісімін берген соң тәліппен кездестім. Тәлімгерлік жұмыс жоспарыммен, мұғалімге арналған нұсқаулықпен таныстырдым. Нені, қалай өзгертуден бастаймыз деген сұраққа жауаптар қарастырдық. Тәлімгерлік жұмысымның негізгі мақсаты: тәлім алушы әріптесімнің сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету; тәлім алушымның педагогикалық ұстанымын, көзқарасын, іс-әрекетін өзгерту, жұмысқа деген ынтасын арттыру. Ең бірінші тізбектелген сабақтар топтамасына қатысуды ұсындым. Менің екісабағымнан ол оқушылардың бірлесіп топпен жұмыс жасағаны, оқушылардың өзін-өзі бағалауы, сабақта өздерін еркін ұстауы көңілінен шыққанын айтты. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтаумақсатында мен тәліптің 5А сыныбында тарауды қайталау дәстүрлі сабағына қатыстым. Сабақта көбіне сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, оқушыларменжеке жұмыс жасады. Сабақ бір сарынды өтті. Оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін, жалпы сабақтың өткізілу барысын бақыладым. Дәстүрлі оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы кемшіліктерді талдай отырып, оқытудың тиімді тәсілдерін енгізуге кеңес берілді. Кәсіби әңгіме жүргізу барысында тәлім алушының қажеттілігі анықталды. Тізбектелген сабақтар топтамасынан кейін тәліптің сабағына кіргенімде біраз өзгерістер енгізгенін байқадым. Сабақта жұптық, жеке, топтық жұмыстар жүргізілді. Математика сабағы болғандықтан сергіту сәтінде логикалық есептер шығарылды. Сәтсіз шыққаны топқа бөлді де, топтағы бірлескен жұмыс нәтиже бермеді, себебі орындалған тапсырманы талдауға уақыт берілмеді. Осы сабақтағы ең тиімді болғаны барлығы дөңгелек, шеңберге күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіре алды, ал біразы оқулықтағы есептерді шығара алды, ал екі оқушы алған білімдерін өмірде пайдаға асатындай дәлелдер келтіре алды. Үлестірмемен жұмыс жас ерекшелігіне қарай берілді, жақсы нәтиже көрсетті. Әр тапсырмадағы маңызды мәліметтергекөңіл бөле білді. Оқушының жауабын мақтап, мадақтап отырды. Күтілген нәтиже бойынша орындалмай қалғаны әр тапсырмаға кері байланыс беру және бағалау. Мұғалімдер өздерінің сәтсіздіктерін әдетте көптеген себептермен түсіндіреді: жоспарлауға арналған уақыттың жеткіліксіз болуы, барынша жақсы жоспарланған сабақтарды бұзатын, бірлесе жұмыс істеуден бас тартатын оқушылар. Сабақтан кейінгі сұхбат бойынша келесі сабағын жоспарлауда, бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау оқу үшін бағалауға ауыстырылды. Сабақта АКТ-ны енгізіп, теориялық және тәжірибелік білімдерін қолданған кезде оқыту және оқу үдерістерін жақсартады. Сабақтың сәтті болу құпиясы, мұғалімнің өз назарын нәтижелерге шоғырландыруына байланысты. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек, яғни оқыту үшін бағалау; талқылаулар, оқытудың сараланған мақсаттары, топтық талқылау - осылардың барлығы мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдері, бірақ мақсаттың өзі емес. Тәліптің үшінші сабағын жоспарлау барысында алдына қойған мақсаты: сынып оқушыларын ынтымақтастыққа үйретіп, топпен жұмыс жасау, тапсырманы сын тұрғысынан ойлай білуге үйрету болатын. Ол мақсатына жетті деп ойлаймын. Жұмысында кемшіліктер орын алды. Әр сабағына рефлексивтік есеп жазып, оқушылардың сабақ соңында берген кері байланыстары нәтижесінде өзінің жоспарына түзетулер енгізіп отырдым. Топтық жұмысы арқылы оқушылардың ынтасы мен белсенділігі артқанын байқадым. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар берілді. Топтасып ойланып, пікірлесіп, ортақ шешімге келіп, қызу жұмыс жасады. Сабақтың соңында бүгінгі сабақта қосқан білімдеріне, болашақта білгісі келетіндеріне кері байланыс жасады. Сабақ барысында оқушыларды формативті бағалады. Осы тұрғыдан өзім де көп нәрсені үйрете жүріп үйрендім. Әркез жіберген кемшілігі уақытты тиімді пайдалана алмады. Ал, енді осы кемшіліктерді қалай жояр едің?- деген сұрағыма тәлім алушы былай деп жауап берді: еш нәрсе бірден өзгермейді, күнделікті сабақта тынымсыз жұмыс істеу барысында оқушыларды шапшаң қимылдауға, тез ойлауға, сол арқылы уақытты тиімді пайдалануға үйретемін және де күнделікті сабақтарыма рефлексивтік есеп жазуға тырысамын. Мен тәлім алушыға оқушыларға төменгі деңгейлі сұрақтан жоғары деңгейлі сұрақтар түзуіне кеңес бердім. Тәлімгер ретінде тәлім алушымның өз мүмкіндіктерін пайдалануға ынталандырдым, оның өзіне деген сенімін арттыруға жұмыс жасадым.
Мектепте қарым–қатынас орнату, мәселені бірлесе отырып талдау және үздік педагогикалық тәжірибелерді таратумақсаттарын жүзеге асыру үшін мектепте «Жігер» кәсіби қоғамдастығы құрылды. Топ кәсіби қоғамдастық аясында ынтамақтастықта жұмыс істеу, үздіксіз зерттеулер арқылы толыққанды және келешегі зор білім алуға мүмкіндік беру мақсатында жұмыс атқарады. Бұл топқа деңгейлік бағдарламаны игерген И. Және Ж. есімді бастауыш сынып мұғалімдері, Ш.есімді химия-биология пәні мұғалімі, М. есімді ағылшын тілі пәні мұғалімі, С. есімді тарих пәні мұғалімі, Ж.есімді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі кірді. Мектептегі кәсіби қоғамдастықтың жетекшісі болып І деңгейлі Н.есімді тарих пәні мұғалімі бекітілді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде қоғамдастықтың жұмыс жоспарын толықтыру мақсатында мектеп әкімшілігімен және І деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғаліммен кездесу өткіздім. Мектепке енгізетін өзгерістерді мектеп әкімшілігімен кеңесіп, құрылған жоспарымды таныстырдым. Осыдан кейін мектеп ұжымына «Мектепішілік қoғaмдacтық-зaмaн тaлaбы» тақырыбында таныстырылым өткіздім. Онда қoғaмдacтық құрылымы мен мaқcaты, міндеттерімен тaныcтырдым. Мектеп ұжымы қoғaмдacтық турaлы aқпaрaт aлды, оның тиімділігін түcіндірдім. Шығармашылық топ пен осы мұғалімдер бірлесе отырып, қоғамдастық жоспарын талдап бекітуге ұсынылды. Сонымен қатар қоғамдастықтың отырысында кәсіби қоғамдастықтың топтарын құрдық.
1. Басшылық етуші топтар. Олардың құрамына мектеп әкімшілігі, І деңгейден өткен мұғалім кірді. Олар кәсіби қоғамдастықты жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты болды.
2. Үйлестіруші топтар. Оған әдістемелік бірлестік жетекшілері, мектептегі тәжірибелі мамандар кірді. Олар мектептер арасындағы және кәсіби қоғамдастық ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды.
3. Дамытушы топтар. Оған мектеп психологтары, ІІІ деңгейлік курстан өткендер, жас мамандар топтастырылды. Бұл отырыстан қоғамдастықтағы топтардың негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Мектептің кәсиби қоғамдастық тобына бұл мұғалімдерден басқа сынып жетекшілері, оқушылар, ата–аналар, басқа қызметкерлер тартылады. Қоғамдастыққа тартылған мұғалімдерден caуалнaмa алдым. Сауалнама алу арқылы мектеп мұғалімдерінің қажеттіліктері, жаңа бағытқа көзқарастары анықталды. Мектепте кәсіби қоғамдастық осы топ мүшелерінен тұратын шеңбер түрінде қызмет етеді. Себебі мақсат бір, атқаратын қызмет бір, ұсыныстарды бір ортаға құйып шеңбер бойы қызмет етеміз.
Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Литлтон 2007). «Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын әдістерін «диалогтық оқыту» деп атауға болады (МАН 71-бет). Менің өткізген «Диалогтық оқыту» тақырыбындағы коучинг арқылы оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдары қалыптасты. Тәжірибесіне енгізу әдістерінің жолдарын ұсындым. Коучингті ұйымдастыру барысында құрылымына, яғни мақсат қою, қаралатын мәселеге шынайы жағдайда жету, мақсатқа жету жолдарын айқындау, күтілетін нәтижеге жетуге ерекше мән бердім. Коуч ретінде, болмаса тәлімгер ретінде тәлім алушының сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында ашық сұрақтарды пайдалана отырып, тәлім алушының жетістіктерін, проблемасын анықтап, оны шешу мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұсыныс айтып отырдым. Құрылымдалған, құрылымдалмаған сұқбаттарды бейнежазбаға түсіру арқылы талдау барысында проблемаларды анықтап, қабілеттерін зерделедім. Түрлі мүмкіндіктерге және оқушылардың жас ерекшелігі мен дамуына қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттадым. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгіменің үш түріне тоқталып, соның ішінде зерттеушілік әңгіме басымдыққа ие екені айтылды. Коучингтен кейінқатысушылардан кері байланыс алдым. Коучингтен алған әдіс-тәсілдерді мұғалімдер сабақтарында қалай қолданып жүргенін анықтау мақсатында 2-3 әріптестің және тәлім алушының сабақтарына бақылау жүргіздім. Мектепте І деңгейлі Н. есімді тарих пәні мұғалімі «Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізді. «Коучтер - тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі». (МАН 88 бет).Топтық жұмыс – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топты қалай ұйымдастыруға болады?- деген сұраққа жауап берілді. Топтың саны, топтағы жұмыс нәтижесі, топты ұйымдастыру ережесі, топтарда жұмыс істеу туралы мағлұмат берілді. Топтық жұмыста әңгімелесу арқылы бір мәселені талқылап, ортақ шешімге келетіндігі айтылды. Кері байланыста мұғалімдер топтық жұмыста бағалау қалай жүреді, критериалды бағалауды топтық жұмыста қалай қолдануға бола ма деген сұрақтар, пікірлер болды. Осыған байланысты біз келесі коучинг сессияның тақырыбы «Критериалды бағалау» деген тақырыпта өткізуді жоспарладық. Қараша айының 2-нде мектепте «Критериалды бағалау» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтіп келген Ф.Бектібаева Блум таксономиясы бойынша семинар өткізіп тәжірибесімен бөлісті. Семинарда мұғалім критериалды бағалаудың тиімділігін, білімді игеруге бағытталған 6 қадам туралы, осы қадамдар арқылы нәтижеге бағытталған тізбектелген сабақтар жоспарын қалай құруға болатындығын, оның нәтижелігі туралы түсінік берді. Қатысушылар тарапынан қызығушылық білдіріп, көп мағлұмат алдық, тәжірибеге енгіземіз деп ой бөліскен әріптестер болды.
Мектепте бірлесіп шешетін мәселелер өте көп. Солардың бірі оқушыларымыздың білімге деген қызығушылықтарының аздығы. Сондықтан алдағы уақытта мектепте сабақты зерттеу мақсатында Lesson Study өткізу. Себебі мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады.Бұл «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады.Lesson Stydy әдісін қолдана отырып мұғалімдердің тәжірибесін арттырамыз. Осы әдіс нәтижесінде жеткен жетістіктерімізбен желіде бөлісе аламыз, сонымен қатар қажетті ресурстар да ала аламыз. Жұмыстың нәтижелілігін зерттеу кезінде бақылай отырып білемін. Дыбыстық жазбаны талқылау, талдау арқылы нәтижеге жетуге бағыттайды. Әрине қолдау көрген жерде қоғамдастық тамырына қан жүреді. «Кәсіби қоғамдастықтың табыстылығы өзіне басқарушы рөлді алатын адамдардың ұстанымдарына, қажырлығы мен күш-жігеріне тікелей байланысты», сондықтан күш жігерімізбен, шыдамдылықпен, жауапкершілікпен жұмыс жүргізіп, кәсіби қоғамдастықтың ғұмыры ұзақ, нәтижелі болуына күш жігерімізді саламыз деп ойлаймын.
Мектепте кәсіби қоғамдастық құрғаннан кейін оны желі арқылы басқа мектептермен байланыста жұмыс жүргізу керек. Бізге желілік қоғамдастық өзара тәжірибеалмасу үшін, бірлесе отырып өзекті мәселелерді шешуде, өз жетістіктерімізбен бөлісуге өте қолайлы. Тәжірибе кезеңінде мен желілік қоғамдастықтарға тіркеліп жұмыс жүргіздім, атап айтсам «ПҚМК» курсындағы әріптестеріммен «Көшбасшылар» желісінде; көршілес мектептермен, облыстағы курстастармен желілік қоғамдастық құру арқылы өзімнің тәжірибе кезеңімде бір-бірімізбен тәжірибе алмасу, бір-бірімізге көмек көрсету арқылы кәсіби қоғамдастықтың жұмысы іске асты. Мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық құру мәселесі қойылған. Желілік қоғамдастықтың мақсаты:
Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру;
Тәжірибе алмасу, қолдау және ынтымақтастық;
Кәсіби тақырыптар бойынша ресми, бейресми қарым-қатынастар ұйымдастыру;
Ал күтілетін нәтижем: «Мектептер арасында ынтымақтастықтың орнауына мүмкіндік туғызатын аймақтық мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын құру. Мұғалімдердің шығармашылығын дамыту және оқу мен оқыту сапасын жақсарту». Желілік қоғамдастық арқылы өзара тәжірибе алмаса отырып ЖАДА арқылы өзіміз де дамимыз. Топ кәсіби қоғамдастық аясында аудан мектептермен желі арқылы байланыса отырып белсенді жұмыстар жүргізеді. Сpm.kz сайты негізгі дерек көзі ретінде болады. Осы сайт арқылы жаңалықтармен танысып, пікір алмасып, тәжірибемізді дамытамыз. Мектептердің желілік қоғамдастығы — оқушылар жоғары жетістіктерге жету үшін бірнеше мектеп арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлау, іске асыру және оның мониторингін жүргізу мақсатында бірлескен мектептер тобы. Осы мақсатта мектепішілік оқушылар мен мұғалімдер арасында желілік қоғамдастық құру жоспарланып отыр. Оның мақсаты оқушылардан кері байланыс алу, оқушылар мұғалімдерден өз сұрақтарына жауап алып, бөлісу. Сонымен бірге желілік қоғамдастыққа ата-аналарды тартудамын. Өйткені ата-ана, әр уақытта мектеп өмірінен хабардар болып тұру керек. Мектептегі оқу үдерісінің жүргізілуі, мұғалімдер, сонымен бірге сынып жетекшілер сыныптағы оқушылардың жағдайы жайлы әңгімелесуге бетпе-бет кездесе алмайтындығынан желі арқылы мағлұмат беріп алуға мүмкіндігі болады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі