Өлең, жыр, ақындар

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер

Қазақ тілі            9-сынып

03.03.2017

Турсынбаева А.

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер

Сабақтың мақсаты

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілермен танысу, қойылу себебін анықтау, мысалдармен дәлелдеу

Күтілетін нәтиже

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілермен танысады, қойылу себебін анықтайды, мысалдармен дәлелдейді.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушыларды туған айлары бойынша 4 топқа бөлемін.

І топ- қыркүйек, қазан, мамыр

ІІ топ- сәуір, қараша

ІІІ топ- маусым, наурыз, ақпан

ІҮ топ- желтоқсан, тамыз, шілде

Бағалау парағын таратамын

Әр топ бағалаушысын сайлайды.

Үй тапсырмасын сұрау

157-жаттығу

Тыныс белгілерге сәйкес өз мысалын толтыру

І топ-екпінсіз бұйрық мәнді сөйлем

ІІ топ-Аяқталмаған ойдан кейін қойылатын көп нүктеге мысал

ІІІ топ-ұранды сөйлем

ІҮ топ-аяқталмаған ойдың 1-ші бөлігі сұрау мағыналы болса, сұрақ белгісі көп нүктемен қатар келетін мысалдар айтады.

Пысықтау сұрақтары

1.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді ата.
2.Нүкте
3.Сұрақ белгісі
4.Леп белгісі
5.Көп нүкте
6.Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгі

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Білу

Мысал арқылы тақырыпты ашамын.

Оның шешуі, мен білсем, былай болады.

Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер

Оқушылар тақырыпты ашады.

Түсіну

Тақырыпты түсіну үшін 4 топқа тапсырма беремін.

І топ: нүктелі үтір

ІІ топ: қос нүкте мен тырнақша

ІІІ топ: үтір

ІҮ топ: жақша мен сызықша

Қолдану

Әр топтың спикерлерін ортаға шақырамын.

Спикерлер тақырыпты түсіндіріп, мысалдар арқылы дәлелдейді.

Талдау

Сөйлемге тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.

1. Абырой болғанда, Нұрбек орнында отыр екен.

2. Адамды адам түсінбеу – бір ақырет.

3. Бұл мысалдың мәнісі:бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды.

Жеке жұмыс.

Оқушылар дәптерге орындайды.

Өзара бағалау әдісі

Оқушылар дұрыс жауапты өзара дәптер алмасу арқылы тексереді.

3 оқушы тыныс белгілердің не үшін қойылғанын түсіндіріп кетеді.

Жинақтау

І топ: 160-жаттығу

Мәнерлеп оқиды, тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіреді.

ІІ топ: 160-жаттығу Берілген кестеге мәтін ішінен 3 сөзден теріп жазу.

ІІІ топ: Тақтамен жұмыс.Синтаксистік талдау.

Тобықты ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.

У қарағай – өте сирек кездесетін ағаш.

ІҮ топ: Өлең үзіндісін көшіріп жазып, тәуелдік және жіктік жалғауды тап.

Қадірлім, қасиеттім, Ордам менің!
Отаным, арқа сүйер қорған-белім.
Заңғар көгім, сая бақ, орман-көлім,
Жем жеген алақаннан ақ кептерім –
Боз құсым иығыма қонған менің!
Рухым – бар пәледен қорғар мені!

Кешір, шеше! Мәңгілік майдандамын.
Жауға олжа болмасын деп жайған малым...

Бағалау

Бағалау парақтары арқылы жиынтық бағасын шығарамын.

Бағалау парақтарына белгі соғады.

Рефлексия

«Табыс» сатысы

Оқушылар табыс сатысын толтырады.

Кейінгі тапсырма

Көркем шығармадан сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгіге байланысты мысалдар келтіру

                                                     


Пікірлер (2)

Ақгүл

Сабағыңыз жан-жақты қамтылған, жақсы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз