Алматы қаласы Бостандық ауданы
№70 жалпы орта білім беретін мекеме
Физика пәні мұғалімі:
Пердебаева Мөлдір Нұрқабылқызы
Өте жоғары тиімді факультативтік сабақты жүргізу мұғалімнен тек ұсынылатын деректермен сол пән саласында білімі ғана емес, сондай-ақ оның методикалық дайындығының жоғарылылығы ескеріледі.
Факультатив сабақтар мен жалпы орта мектептік сабақтардың өткізу методикалары әр түрлі болғанына қарамастан, оқытушылардың дайындалуында педагогикалық қызмет тұрғысынан көп ұқсастықты атап өтуге болады. Негізгі ұқсастық буыны оқушылардың сол салаға педагогика-психологиялық тұрғыдан қызығушылығын арттыру, өтілген теориялар бойынша практика жүзінде қолдану әдісін үйретудегі педагогтың дайындығы оның жалпы сабаққа немесе факультативке бөлінбеуінде. Оқушының теориялық түсінігін қолдану жолы ретінде физика сабағынан факультатив арқылы тереңдетіп өтілуінде. Тәжірибе жүзінде шет ел оқу бағдарламаларында физикадан белгілі бір практикалық жұмыс жасаудан алдын оқушыларды сол тақырыпқа алдын-ала факультатив сабақтар жүргізу арқылы дайындайды. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың өз бетінше физикалық теорияларды тәжірибе жүзінде орындау және оны саналық ойда кезеңдерден өткізу. Бұл оқытушылардың оқушылардың оқудағы нақты мақсатын анықтауда және жүйелі білімді ұғынуда, физика саласындағы арнайы жаттығуларды орындауда және жіберген қателіктерді өз бетінше анықтауына мүмкіндік береді .
Кесте 1 – Физикалық теориямен танысуды кезеңдермен ұйымдастыру бастапқы 5 факультатив сабағында келесі жоспар бойынша өтіледі:
Жоспар бойынша өтілуі: |
|
1 сабақ |
Қозғалыстың құрылымдық және функционалдық бөліктері |
2 сабақ |
Қозғалыстың сипаттамалары. Қозғалыстың негізгі жобалау түрлері |
3 сабақ |
Басқару үрдісін түсіну. Саналық істерді жүйелеу кезеңдері |
4 сабақ |
Түсіну әдісінің түрлері және олардың структуралық және функциональдық талдауы |
5 сабақ |
Оқыту мақсаты |
Факультативтік сабақтарды жүргізу барысында жаңа түсініктер тәжірибие жұмысымен байланыстырылып түсіндіріледі. Үй жұмыстары болашақ оқытушыға өз бетінше жұмыстарды жасауға және оқу бағдарламасындағы факультативті ұйымдастыруда физикалық материалдарды кезеңдерге бөліп оқушылар санасына түсіндіру бағдарламасын жасауда мүмкіндік береді.
Оңтайландыру бірнеше деңгейден өтуі мүмкін, күтілетін үрдістің нәтижелеріне байланысты жоғары деңгейде немесе төмен деңгейде жүргізілуі мүмкін.
Жоғарыда аталған оңтайландыру үрдісі әдістерін атап өтеміз:
а) Қойылған мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге байланысты (нақтыланған немесе нәтижелі деңгейлер):
- оқушылардың үлгерімінің төмендеуіне, оқытуды дамытуды күшейту үшін және білім алу үрдісін тиімді жасау үшін;
- бір уақытта оқу талаптарының бірнеше түрін тиімді көтеру үшін;
- талаптарды кешенді шешу барысында оқытудың тиімділігін арттыру, тәрбиелеу және даму.
ә) Орындалу сипаттамаларына және белгілердің санына байланысты (белгілік деңгейлер):
- уақыттың, құрылғылардың шығынысыз нәтижелі үрдісті қамтамасыз ету;
- белгілі мақсаттарға жету үшін әдістемелік құралдарға кететін шығындар және нәтижелі үрдіс;
- әдістемелік құралдарға кететін уақыттың шығыны және нәтижелі үрдіс;
б) Қандай субъектердің талаптарды шешуге қосылуы:
- мектеп басшылығы және жеке оқытушылар;
- мектеп басшылығы және барлық педагогикалық ұжым;
- мектеп басшылығы, педагогикалық ұжым және мектеп алғырлары, өзін–өзі басқару бөлімдері және т.б;
- мектеп басшылығы, педагогикалық ұжым және ата–аналар ұжымы.
Белгілі бір оқу үрдісінің құрылымын таңдау оқытушының міндеттерді айқындауына және формасы мен оқыту әдісіне тығыз байланысты.
Осындай шешімдерді оқытушылар әр түрлі анықталған дәрежелермен және әр түрлі сенімділікпен және таңдалынған оқу кешені қойылған талаптарға оңтайлы болуы керек.Осыған орай шешімдерді келесі түрлерін атап өтуге болады:
а) автоматты – яғни ақпараты өңдеуден алдын рефлексті түрде қабылданатын шешімдер;
б) интуитивті – интуициаға негізделген;
в) ассоциативті – алдыңғы шешімдерге сүйене отырып ассоциациялау;
г) сынақты – қателіктер мен сынақтарға негізделген шешім;
д) болжамды – болжамды нәтижелерге баға беру арқылы шешімдер;
е) анықталынған – толық анықталған, тәжірибие мен білімге негізделген және күтілген шешімдерді анықтауға болады және т.б.
Автоматты, интуитивті және ассоциациялық шешімдер сенімсіз жағдайларда қолданылады.
Тәуекелді шешімдерде сынақты және болжамды шешімдер қолданылады.
Анықталған шешімдер сенімді жағдайда қолданылады. Осындай шешімдер оңтайландырылған яғни белгілі талаптарға және критерийлерге негізделген.
Сонымен, оптималдылық – бұл оқытудың түрлері, қабылдауы, әдістері принциптері арасындағы «алтын орта» емес, бұл олардың тең салмағы емес, бұл оларды қақ екіге бөлу емес, бұл олардың объектің дамуы кезіндегі мүмкіндіктерге, ерекшеліктерге, есепке және мақсатқа жауап беретін дидактикалық бірігуі.Сонда ғана берілген жағдай үшін процесстің құрылымдарының бірі сәйкес шарттардың болуынан анықталған сәтке дейін басым болады, бірақ шарттар өзгерген соң оны басқа құрылыммен ауыстыру қажет болады.
Аргументацияның толық жеткіліксіздігінен авторлардың барлығы емес кейбірі таңдау жасайды немесе толық талаптар шеңберін салыстырмалы түрде беруге тырысатыны өзіне көңіл аудартпай қоймайды.
Келтірілген тізімде кейбір маңызды жалпы әдістемелік сипаттағы ыңғайлы таңдау процедурасына бағытталған талаптар болмайды.
Осыған байланысты бізге оқыту процесінің ыңғайлы құрылымын таңдауды қанағаттандыратын арнайы талаптар шеңберін құру қажет.
Нәтиже шығару кезінде талап ету тұтастығы тек белгілі ұстаздар ойын жалпылаумен қамтамасыз етілмейді, одан бұрын оқу үрдісіне жүйелік тәсілдеме арқылы, ал талаптар оқу принципіне және барлық негізгі оқу үрдісінің компонеттерін біріктіреді, яғни мақсат, мазмұн, әдіс, оқуға қойылған нәтиже, сыртқы шарттар.
Бұл дегеніміз, оқыту қағидасы өздері талап қою рөлі ретінде оқу үрдісінің оптималды таңдау құрылымына негізделген.Негізінде, оқыту қағидасы оқу үрдісінің таңдалатын нұсқасы тұлғаның гармоникалық жеке дамуы, жан–жақты болуына максималды мүмкіншілігі бар тұтас мақсатты талап етеді, және де жүйенің мүмкіншілігін ескеру қажет, яғни оқушылар, мұғалімдер, сыртқы шарттардың мүмкіншілігі және оқу мазмұны ғылыми, түсінікті, систематикалық, дәйекті, өмірге қатысты бір функциаланған үрдіс болса, оқу үрдісінде жалпы сыныптық, топтық, жеке басты формалар бір–бірімен рационалды түрде үйлесім тапса, рационалды шығарылым үйлесімі, көрнекі және практикалық репродуктивті іздестіру әдістер оқу қызметімен арнайы таңдалса, оқу нәтижесін бақылау және анализдеу ең үздік ынталандыру әдісі ретінде таңдалу керек.Сөйтіп, оқу қағидасы болашақ таңдау объектісін негіздейді және рационалды үйлесімі бар аса маңызды көңіл аудару қажет элементтерді көрсетеді.
Ескере отыра, оқу құралдарының принциптерден тәуелділігі және оқу заңдылығына көбінесе принцип жайлы жазатын авторлар ерекше көңіл аударған, ал таңдау формасының шарттары және оқу әдісі туралы әңгіме қозғалса, онда көп жағдайлар ескерілмейді.Оқу үрдісін баяндау және оқу әдісін таңдау шарттарының осындай әр түрлі болғандығы, көп авторларға тән, мұғалімдердің практикалық әрекетіне жасанды қиыншылық туғызады, оларға өзара байланысты, педагогикалық ғылымның негізгі категориясының логикалық шарттылығын көрсетпейді.
Нақты оқу принципі позициясымен оқу әдісінің таңдау методологиясын қарастыру дидактика категориясын практикада біріктіруге мүмкіншілік туғызады.
Оқу принципі сипаттамасына әр тәсілдеме логикалық ойы бар оқу процесесін жеке талап ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оны әр оқу үрдісіне қатысты дәйекті компонеттерді таңдау кезінде ескеру қажет.
Мысалы, бізде негізделген оқытуға, оқыту бағдарламасының мақсаты, оқыту құралы сондай – ақ оқу үрдісінің деректер жүйесін зерттеу болып саналған.Оқыту нақты мазмұндармен іріктеліп, сол жүйеде міндеттерді оқыту арқылы жүзеге асырылады.Оқыту нысандары мен әдістерін таңдауда олардың принциптері мен мақсаттары, жүйенің ерекшеліктері, білім беру мазмұны көрсетіледі, осылайша факторлардың кең ауқымының сипаты анықталып, оқыту процесінде монитор және ынталандыру, оқыту әдістері қолданылады.
Оқыту формалары мен әдістерін таңдау кезінде олардың салыстырмалы тиімділік идеясымен комбинациялары өте маңызды болып келеді. Сондықтан біз өте құнды дидактикалық зерттеулерді қарастырып, онда жеке оқу – әдістемелік тиімділігі мен оқыту процесінде сөздер мен үздік комбинациялар оқытылады. Барлық әдістерді оңтайлы таңдау үшін оқу процесінде құрылымдық оқыту, іріктеулер жүргізіліп қолайлы жағдайлар жасалынуы керек.
Білім беру процесінің құрылымын таңдауда қойылатын көзқарастық талап, оқытудың белгілі бір нысандары мен әдістері арқылы шектелмейді, оқытудың формалары мен анықтау құрылымында оқушылардың жұмыс қарқынын ең үздік таңдауға мүмкіндік береді. Оқыту қарқыны баяу түрде ойлау дамуына ықпал етпейтіні белгілі, сонымен қатар оқыту түрі тым қысқа және оқудың тиімділігін төмендетеді. Сондықтан оқу материалы күшті және саналы түрде меңгеріліп қамтамасыз етілетін болса, онда нақты оқу қарқынына оңтайлы жағдайлар жасалынады. Іс –жүзінде оқыту қарқынын жеделдетіп, мұғалімнің ықтималдық дәрежесіне қолдау көрсету керек.
Белгілі сыныпта белгілі бір оқыту құрылымының үлгілік нұсқасында тоқтап қалмау керек, оқушылардың дамуын есепке ала отырып жаңа әдістер мен жаңа оқыту мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Әдістердің серпіні оқушылардың даму серпінінен айқындалуы қажет. Бұл талаптардың орындалуы тек оқушылардың жылдам қабылдауында және олардың деңгейлерін бір ретті емес бірнеше рет анықтауға мүмкіндік болғанда ғана жүзеге асады.
Физикалық факультативті жүргізуде оқушылардың физикалық білімдерінің дайындық деңгейін анықтау мақсатында дидактикалық тест жүргізіледі. Нәтижесінде, оқушылардың қаншалықты есепті жиі шығаратынын, қаншалықты түсінетінін, түсінбейтінін анықтадық. (Сурет 25. Дидактикалық тесттің нәтижесі [65]. Мысалы:
1) Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы қандай?
A) 40 км/сағ
B) 60 км/сағ
C) 50 км/сағ
D) 42 км/сағ
E) 45км/сағ
Дұрыс жауап: C
2) Екі автомобиль бензоколонкадан қарама–қарсы жаққа қозғалды: біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, екіншісінікі – 90 км/сағ. Қозғалыс басталғаннан кейін 30 минуттан кейін олардың ара қашықтығы?
A) 85км
B) 70 км
C) 90 км
D) 80 км
E) 75 км
Дұрыс жауап: E
3) Автомобиль жолдың түзу сызықты бөлігінде тежеледі. Үдеу векторының бағыты?
A) вертикаль төмен.
B) қозғалысқа қарсы.
C) жылдамдыққа перпендикуляр.
D) қозғалыспен бағыттас.
E) вертикаль жоғары.
Дұрыс жауап: B
4) Орнынан қозғалған автомобиль 6 с ішінде жылдамдығын 36 м/с–ке жеткізді. Автомобильдің үдеуі?
A) 5 м/с2
B) 36 м/с2
C) 6 м/с2
D) 0,1 м/с2
E) 2 м/с2
Дұрыс жауап: C
5) Дене ОХ осіне қарама–қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы 20 м. Дененің 4 с – тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы?
A) 20 м, 40 м
B) 60 м, 40 м
C) –60 м, 30 м
D) –20 м, 40 м
E) 40 м, 40 м
Дұрыс жауап: A
6) Массасы 10 кг денені 8 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін қажет күш
(g = 10 м/с2)
A) 180 Н
B) 80 Н
C) 100 Н
D) 20 Н
E) 8 Н
Дұрыс жауап: A
7) Еркін түскен дененің 6 с –тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/с2)
A) 3 м/с
B) 60 м/с
C) 45 м/с
D) 15 м/с 0
9) Егер доп 0,1Н күштің әсерінен 0,2 м/с2 үдеу алса, оның массасы?
A) 0,005 кг
B) 0,5 кг
C) 0,05 кг
D) 0,65 кг
E) 50,5 кг
Дұрыс жауап: B
10) Массасы 20 кг газ көлемі 10 м3 шарды толтырған. Газдың тығыздығы?
A) 200 кг/м3
B) 0,5 кг/м3
C) 2 кг/м3
D) 10 кг/м3
E) 20 кг/м3
Дұрыс жауап: C
Сондай–ақ оқушылардың қызығушылық деңгейін анықтау мақсатында тест сұрақтары жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша:
1. Физика пәні саған ұнай ма, әлде оны түсіну сен үшін қиын ба?
а) ұнайды, бірақ түсіну қиын – 42,2%
ә) ұнамайды – 33,5%
б) түсіну оңай – 24,3%, ұнайды
Сурет 1- Физика пәніне қызығушылық диаграммасы
2. Физиканы оқығанда қандай әсерде боласың?
а) шаршаймын, қызық емес – 30%
ә) оңай, қызығып оқимын – 33%
б) міндетім болған соң оқимын – 37%
Сурет 2. Физика пәнінің әсерлік диаграммасы
3. Физикадан есептер шығарғанда шаршамай орындайсың ба?
а) есеп шығарғанда қиналамын, шаршаймын – 36%
ә) міндетім болған соң шығарамын – 25%
б) есептерді қызығып шығарамын, шаршамаймын – 24%
в) есептердішығараалмаймын – 14%
Сурет 3. Физика пәні есептерін шығару диаграммасы
4. Қызығушылықты қалай түсінесің?
а) бір нәрсеге қызығу – 38%
ә) айналадағы заттарға қызығу – 46%
б) түсінбеймін – 16%
Сурет 4. Қызығушылық таныту диаграммасы
Кесте 2 – Мұғалімнің сабақты өткізу деңгейлері
Cабақты өткізу деңгейлері: |
|||
«Жақсы» |
«Өте жақсы» |
«Орташа» |
«Төмен» |
Мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі. |
Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі. |
Оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы. |
Оқушылардан өткен тақырыпты сұрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс–әрекеті аз, белсенділіктері төмен. |
Қорытындылай келгенде оқу үрдісін оңтайландыру оқытушының тек оқу үрдісіндегі тақырыптардағы біліміне ғана емес, сондай–ақ дұрыс құрылымды таңдай білу және әрбір оқушының, мектеп жағдайларын ескере отырып заманауи оқу құрылымының ең тиімдісін қолдана білу қажет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі