Тараз қаласы
№15 мектеп гимназиясының педагог-психологі
Утепова Маржан Абдигалиевна
Тақырыбы: «Өзгеден табылмайтын өз мінезім!»
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Тренинг сабақ құрылымы:
1. Танысу
2. Әдістеме «Менің мінезім»
3. «Мен-үйде», «Мен-мектепте» жаттығуы
4. «Ыстық картоп» жаттығуы
5. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру.
2. Бірігіп жұмыс істеу.
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу.
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену.
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу.
6. Достарынмен жақсы қарым-қатынаста болу.
7. Өзін еркін ұстауға үйрену.
1. «Таныс болайық!» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.
2. Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады:
Түйе, Сиыр, Қой, Тауық, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Тасбақа, Балық.
Соңында, 1. Үйде, 2. Мектепте, 3. Достарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.
Жауабы:
1. Түйе — шыдамды
2. Сиыр — өкпелегіш
3. Қой — жайдарлылық
4. Тауық — шығармашыл
5. Аққу — сезімтал
6. Қарлығаш — бауырмал
7. Үйрек — ұқыптылық
8. Бұлбұл — әнді жақсы көретін
9. Арыстан — қайратты
10. Қасқыр — жігерлі.
11. Тасбақа — мейірімді
12. Балық — еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
3. «Мен – үйде», «Мен - мектепте» жаттығуы (10 минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен мектепте» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?
4. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?
5. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Ары қарай баяу оқылады: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз.
2-3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Қорытынды: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Құрметті оқушылар тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі