«Сөйлеу этикеті» түсінігі «қатынас мəдениеті» түсінігімен тығыз байланысты. «Қатынас» феномені психология, философия, лингвистика, семиотика, педагогика, этика, эстетика жəне т.б. көптеген ғылымдардың негізінде дамып келеді. «Қатынас» феномені XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап əлеуметтік-психологиялық теория деңгейіндегі барлық формадағы адамдардың психологиялық өзара əрекеттері ретінде зерттеле бастады. Қазіргі уақытта қатынас психологиясының қарқынды дамуына байланысты қатынас — адамның өзара қарым-қатынасының ерекше түрі ретінде анықталады. «Қатынас мəдениеті — көптеген қызметтер: педагогикалық, публицистикалық жəне т.б. саласындағы кəсіби құзырет белгісі болып табылады».
Қатынас мəдениеті адамдардың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған белгілі бір ережелері мен нормаларын сақтауға негізделген. Орта ғасырдан бастап адамдар арасындағы қатынастардың ережелері мен нормалары, соның ішінде «қоғамдағы адам əдептерінің əлеуметтік жинақталған нормалары» — этикет те жүйелене бастаған болатын. Этикет деп адамның рухани мəдениетімен, оның басқа адамдарға (айналасындағылармен тіл табысуы) жəне этикеттік маңызы бар заттарға (киімі, шаш үлгісі жəне т.б.) деген қатынасы айтылады. Адамдардың сөйлеу қатынасы тілдік əдептер деп аталуы қабылданған əдептің маңызды бөлігін құрайды. Н.И.Формановская жəне де басқа зерттеушілер «сөйлеу этикеті» түсінігін қалыптастырған болатын
Сөйлеу этикеті — бұл əлеуметтік берілген жəне коммуниканттардың байланыстарын анықтау, қолдау мен аяқтау жағдаяттарындағы сөйлеу əдебін ресми жəне бейресми қатынас жағдайындағы олардың əлеуметтік жағдайлары мен рөлдеріне, рөлдік жəне тұлғалық қатынастарына сəйкес арнайы ұлттық реттеуші ереже. Сөйлеу этикеті коммуникативтік лингвистиканың, прагмалингвистиканың жəне де функционалдық стилистика, риторика, мəтін лингвистикасы, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, əлеуметтік лингвистика, этнолингвистика мен паралингвистика сияқты бірқатар ғылыми бағыттардың да зерттеу нысаны болып табылады.
Қазіргі кездегі зерттеулер бізге сөйлеу этикетінің сипаттамалық негізгі ұстанымдарын айтуға мүмкіндік беріп отыр:
Сөйлеу этикеті — қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында жəне тиісті мəндермен жүзеге асырылатын сөйлеу əдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті — бұл «қатынасты негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар арасындағы қатынас саласы». Бір-біріне қарама-қарсы қойылған қандай да бір узустағы тыйым салу мен рұқсат ету, сөзсіз, осы қайшылықтардың мəдени құндылықтары тұрғысынан ғана беріледі. Жағдаятқа сəйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының бұзылуына əкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мəдениеттің маңызды элементі де болып саналады. Оның мəдениетке екі жақты қатысы бар: 1) ол — қатынас, сөйлеу əдебі мəдениетінің элементі; 2) ол — тіл элементі, ал тіл болса — мəдениеттің туындауы мен өнімі, оның құралы мен оның сақтаушысы. Ұлттық мəдениет ерекшеліктері сыртқы белгілерде (мысалы, сəулет немесе киімі) ғана емес, сөйлеу əдебінің формаларында да көрініс береді. Мысалы, гректер: «Қуана бер!» деп амандасса, қытайлықтар ішінде ең алдымен: «Тамақ іштің бе?» сұрағынан басталады,ағылшындықтар: «Бүгін ауа райы жақсы» сұрағынан бастаса, қазақта амандасу: «Мал-жан аман ба? Үй-ішің аман ба?» сияқты сұрақтармен басталып жатады. Этнографиялық коммуникация мен басқа да ғылыми бағыттар сөйлеу əдебінің ұлттық-мəдени ерекшеліктеріне сүйенеді.
Сөйлеу этикеті — тарихи «əлеуметтік мұраға қалады».
Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт бойынша өзгеріп отырған тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу этикетін анықтайды. Адам қатынасының əлеуметтік детерминациясы сөйлеу этикеті əр уақытта қайтадан пайда болады дегенді білдірмейді; олар «əлеуметтік мұраның» тəсілі ретінде мəдени дəстүр механизмі арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі». Мысалы, қонақ күту, оны қарсы алу, дастархан басындағы əңгіме тақырыбы, тамақ беру (сыйлы қонаққа берілетін ас түрлері), тағы басқа дəстүрлі этикеттер. «Этикеттік белгілердің саны шексіз, ол консерватизм мен тұрақтылық белгісіне қарамастан, қоғаммен бірге дамиды, біреуінің орнына біреуі келіп қосылып жатады».
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі