Кітаптың назы – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Кітаптың назы» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4214
Кім оқыса таласа,
Дос боп кетем жараса.
Алған кезде сөреден,
Қуанып ем балаша.
Мұқабамды ашпады,
Лақтыра бастады.
Ол аз десең бетімді,
Жыртып-жыртып тастады.
Жерде міне жатырмын,
Ішім толған ақылмын.
Қылығына қайранмын,
Дәулет деген «батырдың»
Телефонды алғансың,
Көзің әбден талғасын.
Мені оқуға келгенде,
Бәрі кеш боп қалмасын!

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері