Будапешт – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Будапешт» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 920
Бірі – Буда, бірі – Пешт,
Тура қонған ұлы көш,
Екі жаға жайлаған,
Бір – біріне көңлі хош!
Тұңғиығын мөлдірдің,
Шын биігін сеңгірдің,
Қиындығын құйынның
Көргені көп венгрдің!
Тарихта бір ғажабым,
Ғұн тағдырлы мажарым,
Дунай бойлап дулатқан,
Дүниенің базарын!
Жағасында Дунайдың,
Жарығына күн, айдың,
Жарқын жүзбен қуанса,
Жазғаны да құдайдың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері