Мен ешқашан – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мен ешқашан» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2086
Мен ешқашан ұйқас іздеп көрмедім,
Көшірдім тек көңілдің бір өрнегін.
Ішкі ұйқастай жүрегімнің ырғағын
Болған шығар аракідік тергенім.
Ұйқас іздеп әуре болма өлеңнен.
Нағыз өлең биік тұрар өремнен.
Өміріммен ұйқаспайтын біреуді
Ұйқасыма сыйдыра алмай өлем мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері