Сипамақ боп ұмтылдыңыз шашымды – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сипамақ боп ұмтылдыңыз шашымды» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1191
Сипамақ боп ұмтылдыңыз шашымды,
Әнтек сізге бұрылдым мен таңырқап...
Көктем! Сен де жоғалттың ба басыңды?
Неге жүрсің мөлдір шықта жабырқап?
Мұңыңыздан қаймақ қатсам өлеңге,
Ол да сіздей кетер ме екен бал татып?
Ынтызарлық ырқыңызға көнер ме?
Қолаң шашты жіберсем мен тарқатып?..
Бұрымымда қылығым бар үздіккен...
Бекер, сірә, бұзбаған-ау ұйқыңды.
Мені бір күн қисаңыз да сіз тіптен...
Қолаң шашты қия алмассыз сыйқырлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері