Үйде жалғыз, ашық еді есігім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1256
Үйде жалғыз, ашық еді есігім.
Жайлап қана біреу есік қағады.
Есікті ашсам, жәй сұрайды кешірім,
Бір бойжеткен маған көзін қадады.
Танымадым, сұрағам жоқ тосыннан,
Ес жиып та үлгермедім, таң қалып.
Сөз айтты тез, мені көріп тосылған,
Аңтарылып тұрғанымды аңғарып.
Аға, біздер волонтерміз ерікті.
Жетімдерге бұйырады теңгеңіз.
Шаңырақта өзіңіз ба бөрікті,
Әлде мұны шеше ма- деп- жеңгеміз?
Жүз теңгенің шоколадын берді олар.
Тұрдым ғана жәй мың теңге ұсынып.
Келесі үйдің кнопкасын терді олар,
Үйде жалғыз екенімді түсініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйде жалғыз, ашық еді есігім өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Үйде жалғыз, ашық еді есігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Үйде жалғыз, ашық еді есігім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйде жалғыз, ашық еді есігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері