Тіс дәрігеріне

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 3845
Салқын қанды, сұрғылт түсін бұзбаған,
Күн кешемін мына әлемде сыздаған.
... Түсі жақсы жан едіңіз жайдарлы,
Тістің жайын айтыңызшы, сіз маған!

Жалтақтықтың жағасына түстеніп,
Жүрген жанмын, тексіздерге тістеніп.
Айналама аңтарылып, таңырқап,
Мен жүремін шет-шегі жоқ түс көріп.

Тірлігінде жұлдызы бір жанбаған,
Мені көрсе мұңаяды маң далам.
... Күштеп алу мүмкін емес жағдайда,
Тістеп алған жанды көріп... таңғалам!

Таныдым ба, оңым менен солымды,
Топқа түсіп сөз айттым ба толымды?
Ақыл тісім бола тұра маржандай,
Ақылдылар күнде кескен жолымды.

Халық құдай көріп жүрген кісінің,
Өзгергенін байқадың ба түсінің?
Шырылдаған шерлі даусын ұнатпай,
Шырт түкірді, арасынан тісінің.

Тәубесінің тор төбелі жоғалған,
Ағайыннан әлі алғысым жоқ алған.
... Жөндем жауап ала алмадым, дал болдым,
Тісі сынып, сақау болған қоғамнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіс дәрігеріне өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Тіс дәрігеріне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тіс дәрігеріне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіс дәрігеріне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері