Үшбас өзені – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Үшбас өзені» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1077
Үш қайнардан құралған
Арналы Үшбас өзенім,
Сын түйісіп, сыр алған
Түседі-ау еске кезеңім.
Өткел бермес көктемде,
Бір кезгі көк-сұр дария,
Сарғаяр шағың жеткен бе,
Қойнауың қамыс – сары ұя.
Үзілген белі жыландай,
Ағасың зорға иреңдеп.
Үстіңнен қарғып құландай,
Ұйтқиды құйын сүйреңдеп.
Сарқылсын жырым сарқылса,
Сарқылмашы ерке өзенім.
Жалынға түскен алтынша,
Өртенді-ау ерте өзегім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері