Неге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Неге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1150
Неге келгім келе береді езіңе?
Неге сенің қарай берем көзіңе?
Қорыққан қоян тәрізденіп ойларым
Неге қашады аралассаң сөзіме?
Ал қасыма келсең неге қысылам?
Жеңілем бе әлде басым мысыңнан?
Алыстасаң айдалада бос қалып,
Айырылғандай болам сұңқар құсымнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері