Қағасың қанатыңды қалықтатып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қағасың қанатыңды қалықтатып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Қағасың қанатыңды қалықтатып,
Табасың жәннатыңды шалықтатып,
Жәут еткен қарашығың – Тынық мұхит,
Тымыққа батып кету – анық бақыт.
Қайдағы қиялымды қозғағандай,
Жұтынам ес алдырған
бозбаладай.
Деміңнен ескен жұпар мас қылады,
Кеудемде егде жүрек қоздағандай.
Әйтеуір,
есірікше
елігемін,
Өзіңді
Ай-періге телігемін.
Шалығың тиіп маған кеткендей-ақ,
Көркіңе көзімді алмай
емінемін.
Жаныма маза бермей
тызақтаттың,
Қасыңнан ұзатпайтын тұзақ таптың.
Жұтылам кездейсоқтан –
жұмбағыңа,
Көзіме елестейді: қыз ... әппақ ... түн ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері