Сағынып сені өлетін болдым – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Сағынып сені өлетін болдым» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1136
Сағынып сені өлетін болдым,
Түсімде жиі көретін болдым.
Кездессең маған кетесің тайқып
Сонда да саған сенетін болдым.
Көрмесем сені шыдай алмадым,
Ешкімнен тағы сұрай алмадым.
Сағынып сені сарғайып санам,
Бір ауыз сөз де құрай алмадым.
Түнімен кірпік қақпайтын болдым,
Ешкімге тағы жақпайтын болдым.
Айтамын деген сөзімді сүрлеп,
Өзіңе ғана сақтайтын болдым.
Сен болсаң көзге ілмейтін болдың,
Мен жүрген жермен жүрмейтін болдың.
Өзгеге есің ауыпты, қалқам,
Еріксіз соны күндейтін болдым.
Түсімде жиі көретін болдым,
Сағынып сені өлетін болдым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері