Қорқытпа мені өлтіремін деп – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қорқытпа мені өлтіремін деп» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Қорқытпа мені өлтіремін деп,
Ажалым жетсе өлермін.
Онсыз да күнде мертігемін көп,
Ажырай қоймай менен мұң.
Шынымды айтсам өліп те көргем,
Қаптаған өрт боп айналам.
Махаббатым сол берік дегенмен,
Бір оққа мені байлаған.
Қорқытпа мені, өліп те көргем,
Тіршілік тұрмас дін аман.
Дүниеге ұл боп серік те келген,
Әкесін іздеп жылаған.
Уығы сынып далада қалған,
Уыз отауым мен тіккен.
Төсекті былғап маған арнаған
Өзге бір еркек ентіккен.
Болайын тегі мен неден дарқан,
Айықпай тұрып дертімнен.
Ажалдан емес, пендеден қорқам,
Ұятты күнде өлтірген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері