Сағыныш сезіміңді жалындатып – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Сағыныш сезіміңді жалындатып» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Сағыныш сезіміңді жалындатып,
Көке, мені мамырлаған мамырда күт.
Шошынба терезеңді шертіп тұрсам,
Беймезгіл қалған кезде бәрің жатып.
Мен үшін қиналмай аш есігіңді,
Қорықпа, қозғамаймын бесігіңді.
Айта бер адастың деп, ал басқаша
Мен саған тигізбеймін кесірімді.
Қорғаштап жалғыз арды жан ұшырған,
Таяқ жеп қалып, жүрме намысымнан.
Біржола өртеп алма сезім гүлін,
Адамның қателескен, сағы сынған.
Келеді үміт толы таңым да атып,
Күте бер өзің мені мамырлатып.
Шошынба терезеңді шертіп тұрсам,
Қалғанда уайымсыз бәрің жатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері