Әділ айтқан әзілімді кек түйген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 840
Әділ айтқан әзілімді кек түйген
талай досым көрместей боп кетті үйден.
Оған да өзің күйзелесің, күйесің,
кінәң жоғын біле тұра бет күйген.
Құрдасың ба,
сырласың ба көптенгі,
көтермейтін болып алды өкпеңді,
Жақсыға да жақпайсың сен,
қаншама
шындықты айтып
шырылдадым— деп кергі.
Осы күні отырмасаң кіл төрде,
көлгірсімей күле алмайсың үлкенге,
Жағынбасаң — жамандайды шыға сап,
тура сөзді таба алмайды жұрт емге.
Күні кеше айтамын деп сәл мінін,
қытығына тидім бе бір әлдінің,—
енді маған мұз қабағы жібімей,
сызданарын сезіп тұрмын дәл бүгін.
Ескертіп ем елге қыры жоқтығын,
торсаң қағып,
теріс қарап өтті інім.
Іш қазандай қайнағаны болмаса,
жаңғырыққа айналады өткір үн.
Әр сөзіңнің іздесе жұрт астарын,
кімге керек шындық бетін ашқаның,
келе-келе құрдастардың өзіне
қалжыңдаудан қашқалақтай бастадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әділ айтқан әзілімді кек түйген өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Әділ айтқан әзілімді кек түйген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әділ айтқан әзілімді кек түйген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әділ айтқан әзілімді кек түйген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері