Егделік туралы – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Егделік туралы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1497
Көңілім де, денем де жас деп жүріп,
Егде тартып қалыппын абайсызда:
Мысалы, — жас шағымда ызғар, мұзға
Ұйықтай қалсам оянғам бойым жылып.
Ал, кәзір, белім тисе бәлкім сызға,
Беліме байланады шойырылма.
Егделікке айналып бой ұруға
Саябырлау тартыпты ойым, — қызба!..

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері