Сен деп соқты демеймін – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сен деп соқты демеймін» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Күлдей боп әйнек көңіл үгілед көп,
Күліп жүрмін өзімше бүгін ептеп.
Ұмытып кете барсаң бақыттысың,
Ал менде сені ұмытар құдірет жоқ.

Ғажайып сыр ұғынып күміс үннен,
Жолғасқанда бір суып, бір ысып ем.
Жанға тізгін бермеген тұлпар жүрек,
Сені көріп жаңылған жүрісінен.


Қыйырға асау арман алып қашып,
Қуғанға сол арманды қалыптасып,
Қалған ек.неге енді мынау жүрек,
Қалады сені көрсе шалыс басып?

Мезгілсіз жырдан сауға ұсынамын,
Жазы аз ғұмырымның қысы қалың.
Жанымды бір елес бар мазалаған,
Қайткенде сол елестен құтыламын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері