Жазам тағы бір өлең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Бұзса тағдыр ережемді,
Мен де түндей түнерем.
Кептіріп ап кенезеңді,
Жазайын ба, бір өлең?!
Жазайын ба, бір өлеңді,
Рухыңды көтеріп?
Таныт сосын шын өреңді,
Кеткен кезде ет өліп.
Сол өлеңде – еркелік те,
Сол бір сері сағынған.
Сол өлеңге шертелік те,
Сырды, өрілген лағылдан.
Сол өлеңде – мөлдір мұң да,
Айтылатын... сол жанға.
Көңілге ойды қондырдың да,
Сене алмадың болжамға.
Сол өлеңде...
Бәрі, бәрі,
Өміріңнің өлшемі.
Тағдыр отқа қарығаны,
Шын сүйген кез ол сені.
Бұзса тағдыр ережемді,
Мен де түндей түнерем.
Кептіріп ап кенезеңді,
Жазам тағы бір өлең!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазам тағы бір өлең өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жазам тағы бір өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жазам тағы бір өлең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазам тағы бір өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері