Уақыт-қонақ – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Уақыт-қонақ» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 988
Келді ме сыншыл қонақ Уақыт деген?!
Соны күтіп талайдан жатыпты өлең.
Қара дойыр сүйретіп Уақыт кірді, —
қорқып кетіп бір сөзім атып тұрды.
Қонақ емес, қырсық қой мынау нағыз,
бүйтіп келген қонаққа қуанбаңыз.
Қыл тұзағын шұбатып Уақыт кірді, —
бір теңеуім шыңғырып атып тұрды.
Қонақ емес, бір сойқан дүбір кепті,
тып-тыныш көкірегімді дірілдетті.
Жалаң қылыш суырып Уақыт кірді, —
бір сұлу ой селк етіп атып тұрды.
Қонақ емес, мынау бір ұры білем,
мен де қорқып алдында сүрініп ем,
жаздым деп ем не ісім, не тілімнен —
уақыт-ұстаз сипады кекілімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері