Өлең, жыр, ақындар

Бұлақтағы бесік

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 532
Су бетінде шайқалып, бесік ағып келеді,
Іңгәлаған өмірді есіне алып келеді.
Толқындарды бөбектей күн сәулесі емізіп,
Көлеңкесі бұлттардың басыма ауып келеді.
Әлдилеген ананың құлаққа әні келеді,
Өмірге бір өлмейтін сыр ақтарып өлеңі.
Тал бесікті ақырын толқын тербеп келеді,
Толқындарды баладай бесік тербеп келеді.
Ұқсайтындай ұлы күн, ұлы аспанның көзіне,
Ақындардың келеді тиек болып сөзіне.
Тіршіліктің толқынын тербетіп бір тұрғандай,
Тал бесіктей осынау, жер шарының өзі де...
Бір ағысты бір ағыс басып-жаншып көмеді,
Жағада бір жас шыбық су бетіне төнеді.
Балаға ұқсап, бір толқын күліп ағып келеді,
Данаға ұқсап бір толқын тұнып ағып келеді.
Бір толқынды бір толқын суретінен көреді,
Көреді де, мың тоқын өз арнасын емеді.
Ұстаймын деп ұмтылған, бұлақтағы бесікті,
Жағада жас шыбық тұр желбіреп көк желегі.
Жылап қалды-ау, жас шыбық,
тимеген соң көмегі,
Шымыр-шымыр толқындар, өмірге бір тең еді .
Иірімнен иірілген аман шығып ақ бесік,
Ақ толқынды әлдилеп, алып қашып келеді.
Қатып қалған сұр тастай, суық аспан, жер өңі,
Баласыз бұл бесікке болашақ не береді?
Асау ағыс аяусыз жұтып алып барады,
Бір өмірді белгісіз, мекен-жайы, дерегі.
Сыймайтындай арнаға, бірін-бірі тебеді,
Мың толқыннан жүз толқын туса, бірі өледі.
Күн-ананың иіген анарына таласқан,
Бала толқын, тал бесік көз алдыма келеді.
Аққан бесік есіме салғандай ақ кемені,
Ақ бесіктің бүйірін бала толқын тебеді.
Батқан күннің қызарып, қораланған өртінен,
Толқындардың өрілген шашы жанып келеді.
Ақша бұлттың алыстан желбірейді желегі,
Ақ көгершін арманның тиер, тимес көмегі.
Адамзаттың көз жасы араласқан суменен,
Әлдилеген ананы есіне алып келеді.
Қозғалыссыз, талассыз алға күнім ақпайды,
Көлеңкесін түсірді, көңіліме көп қайғы.
Тіршілігін құм жұтқан құладүз бе, теңіз бе,
Бұлақтағы бесігім, қайда барып тоқтайды?
Бесік болған бұтағын, шынар жылап жоқтайды...
Бір толқыннан бір толқын өшін алып көмеді,
Бір толқынды бір толқын есіп ағып, келеді.
Бала-өмірді тербеткен ана-жердей панасыз,
Су бетінде шайқалып, бесік ағып келеді,
Толқындардың қоңыраулы көшін алып келеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі

  • 0
  • 0

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі,
Енді біліп отырсың ба, Сен мұны?
Көз ашқаннан жоқтық көрген баланың -
Шырқыраған шығар шықпас енді үні.

Толық

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс

  • 0
  • 0

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс,
Жалықтым қайда, той-думан.
Іздейді көңіл сілкініс.
Үнсіздік әбден тойдырған.

Толық

Кешкі биде

  • 0
  • 0

Вальс әні, кетті бірден тартылып,
Кеңейгендей күй сазымен тар клуб.
Шыр айналып дөңгелеп жүр құрбылар,
Жүздерінде нұр арайлы таң күліп.

Толық

Қарап көріңіз