Жарық дүние-ай! – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жарық дүние-ай!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Жарық дүние-ай!
Кешір мені, қадіріңді білмесем,
Өмір бердің, тірлік бердің гүлге сен.
Аспандағы күнім болып алдымнан,
Бір ашылған есігімді ілме сен.
Өзіңнің арқаң, үзілмес үміт, тірлігім,
Аманат етем, ақ таңға арман жыр гүлін.
Өмір көтерген осынау ұлы жер ана,
Қараторғайдың ұясына ұқсап тұр бүгін...
Қабылдап қатал уақыттың небір сынағын,
Жарық дүние өшірмей жағып шырағын.
Көк жүзінде келе жатыр күн көктеп,
Мейірім күткен жеріме төгіп шуағын.
Шайқай ма, деп, түн тыныштығын ұйыған,
Сескенем түрлі зұлымдықтардан зымиян.
Өмір бәйтерек, бұтағында тұрған жер атты –
Кетпесе екен өртеніп менің ұлы ұям.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері