Халқым қалың жұрт атанса – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Халқым қалың жұрт атанса» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Халқым қалың жұрт атанса,
Мен бір жалаң тінімін -
дәрежесі көкпен талас
хақ тұғырлы халқымның,
бір сынығы болсам деймін
асыл мұра әшекейлі салтымның.
Әсірелеп, менің қара басыма
ұлттан бөліп мақтау айтса жат пиғыл,
сіңіре алман, іш-тысыммен салқынмын.
Көлгірлікке, мәймөңкеге жоқпын мен,
Қазағымның атына арнап
бір мақтау сөз айтылса,
Ішпесем де, жемесем де тоқпын мен.
Мен құмда өскен бір түп қызыл жыңғылдың
Бұтағы боп, о туған жер, жаралғам,
Тамызық боп, ошағыңның түтінін
Түтетуге жетіп жатыр жарасам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері