Тас кереңдер ортасынан кетейік – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тас кереңдер ортасынан кетейік» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Тас кереңдер ортасынан кетейік,
Қыр самалын жанға жалау етейік,
Белең алған күрсіністер үңгірі -
тас кереңдер ордасынан безейік!
Маң даланы пана тұтсақ кермиық,
тас кереңдер арасында жүрмейік!
Өңештердің күлді-көмеш құлдары
кереңдерге қолды бір-ақ сермейік!
Тас кереңдер арасында жүрмейік,
өп-өтірік езу керіп күлмейік!
Тас кереңдер арасынан кетейік,
аңқылдаған аңызаққа жетейік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері