Жесірдің мұңы мәңгілік – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жесірдің мұңы мәңгілік» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Жесірдің мұңы мәңгілік
Атпайды екен таң күліп.
Жесірдің күні мұнардай
Тарқамайтын тұмандай.
Жұбанып тұрып жұбанбай,
Қуанып тұрып қуанбай
Жесірдің күйі мәңгілік
Сыңарсыз қалған сыңардай.
...Жадымда жүрер жалқы есім
Аялап таққан тұмардай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері