Келдің бе тағы, әз наурыз – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Келдің бе тағы, әз наурыз» атты Шәмшия Жұбатова жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1180
Келдің бе тағы, әз наурыз,
Жаныма менің нұр жағып.
Жүректің терең түбінде
Жылтырап бір от тұр жанып.
Бозбала ұстап гүл шоғын,
Желкілдеп қыздар, топталып,
Сезімнің шексіз енінде
Лапылдай лаулап от жанып.
Жанады оттар жанады
Жерде де, көкте, аспанда.
Самал нұр орап қаланы,
Жұлдыздар жарық шашқанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері