Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 823
Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген,
Дүрілдеп аппақ лайнерлер ұшты көкпенен.
Қарсы аққан бұлттар жол беріп жатыр жөңкіліп,
Қарсы аққан бұлттар көз жасым сынды төкпеген.
Сағыныш біткен жарысып жолмен зулады,
Қапталда түгел гүл басқан жондар тулады.
Жапырақ сосын алақан соқты тербеліп,
Қонақтап құстар бұтаққа, орман шулады.
Есітемісің, жүрекке жеткен бір ән бар,
Әнші құстарым, жабылып әуен құраңдар.
Бауырында таңның, қойнында кештің тербеліп,
Әндеткен ғалам, жаныңды сенің ұғам бар.
Болғасын мұңы, көмейі тынбай әндеткен,
Ұғынып мұны, реніш те қалды, қалды өкпем.
Әндер-ай есті, сендерде қандай сиқыр бар,
Тамылжып келіп, жұбатып мені, жанды өпкен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері