Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық,
Таңдар атты тағы да бір мұнартып.
Ине-жіптен жаңа шыққан жас күннен
Көпті көрген көне кезім мың артық.
Таң артынан шақырайып күн келді,
Дос көңілден ақтарылам кімге енді?
Кеудеге ұстап көргені мен білгенді,
Жарық ғалам жайнады да, гүлденді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері