Түнім – тек нұр – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Түнім – тек нұр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 591
Жаздың Моцартымын – әуенін жазған,
Гүлдің бояын ап, өлеңім қалған!
Қызғалдақты өлкемде – Күнім жанған,
Күлімдеп тұр!

Жасыл жапырақ – жанымды сыйпады,
Сұлу атырап – шертпе күй шағы!
Аспан – асың төк, шарап құй, тағы,
Түнім – тек нұр!

Таң арай, хош иіс, тныштық тұныпты,
Тікенді жұлдым да, бұздым, құлыпты!
Жандардың кеудесін лаулатып тұрыпты,
Гүлім – шоқ бір!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері