Суретке түсірді – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Суретке түсірді» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 548
Дәптерге егіп, лала, раушан, түр-түрін,
Үлбіреумен өтті бүгін – гүл-күнім!
Шырын-сезім жапырағын сілкідім,
Суретке түсірді – найзағай!

Мөлдір өзен шомылдырып, жырымды
Мөлдір тұсқа алтыбақан құрылды!
Қызғалдақтан көрінбеген түрімді
Суретке түсірді-найзағай!

Көл көркінен аумай қалды, көңіл де,
Жырым ұшты – самал желдің жеңінде!
Самғап келем, түсімде, әлде өңімде,
Суретке түсірді, найзағай!

Мақпал түнде мұң-мұхитқа Ай батып,
Ойлы өмірді періште-әнмен тойлатып.
Дала төсін жыр-жаңбырыммен тойлатып,
Суретке түсірді, найзағай!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері