Біреуге – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Біреуге» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 597
Пасықтықтан бүріскен жүрегіңе
Гүл тағып қояйыншы, бәлкім, ашылар!
Ашылған жүрек – жылайды, күледі де.
Сөзімде – көңілдің жасы бар...

Пенделіктің пердесі жыртылғанда
Бейнең анық көрінер – ақтық бейне...
Қастандығың – жасаған, сыртымнан да
Кетеді, күнәмнан пәк қып, кейде!!!

Сауабыңнан айырар, қызғанышың,
Нәпсің – дұшпан, өзіңе зиян етпе!
Күйе-күйе, жарылды, тұздан ішің,
Хақымды әперер, Ием, қияметте!
Мен, бірақ, сені аяймын!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері