Жапырақ – жырым – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Жапырақ – жырым» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 658
Құны қалмай қара бақыр,
Сұлулықтың сағы сынды.
Саудагер – күн санап жатыр
Жырымды емес, табысымды.
Жаным ауыр жалықты ойдан,
Жабырқайды жетім-жырым.
Көшкен жұртта қалып қойған
Алтын сақа секілдімін...
Өзегімді өртеп кей күн,
Әлдекімге өштенемін...
Сұлулыққа селт етпейтін,
Саясаттан сескенемін.
Жаңа қоғам қолдаса екен,
Ақындықтың парқын ұғып.
Жапырақ-жырым солмаса екен,
Саясаттың салқыны ұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері