Нұрикамал – Ханбибі Есенқарақызы

Бұл бетте «Нұрикамал» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 1
  • 2954
Аспандағы ай ма дедім,
Жастық шағым қайда менің?
Жүрегімді елжіреткен
Жаным қандай жайдары едің?

Нұрикамал, Камалым – ай,
Күндей ашық жанарың-ай.
Қолым жетпей, сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым, қабағыңа-ай,
қарағым-ай!

Ойың-озық, сөзің-тәтті,
Қандай ана сені тапты?
Көңілімнің шарасына,
Сыймай, тасып, сезім жатты...

Көп ішінде көріп едім,
Тағдырыма сеніп едім.
Көз алдымнан кетпей қойдың,
Қайдан келген елік едің?

Нұрикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың – ай.
Қолым жетпей ,сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым, қабағыңа-ай,
қарағым-ай!..


Пікірлер (1)

Las

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері