Көгершін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көгершін» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2268
Көшедегі халық тәмәм
аспан жаққа қарасады:
көгершіндер қалықтаған
көк жүзінде жарасады.
Көгершіндер көп-ақ бүгін,
қадалмаған жанар бар ма!
Бейбіт күннің шуақ нұрын
паш етіп жүр адамдарға.
Қап-қара құс шыға келді,
көгершінге бас салардай.
Тұмсығы –жез, бұдан енді
жолбарыс та жасқанардай.
Қорғанады қара құстан,
ақ көгершін алысады.
Тез жеңілсе ала дұшпан,
ақ көгершін тағы ұшады.
Көгершіндер, төбеме өрле,
жеңістермен жалға күнді!
Ей, адамдар, төге көрме
бір-біріңнің қандарыңды!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері