Кавказдағы таң – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Кавказдағы таң» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 708
Сыз берді таң - ну орманды бөктерде
Есіледі түнгі тұман көк перде;
Тау етегі мүлгіп үнсіз бусайды;
Су сылдырап, жылқы үйірі жусайды.
Бұлттан шығып жаңа күннің шапағы
Шыңға кенет нарттай шұғыла атады,
Қызғылт сәуле иек артып кезеңге,
Ойысады ойда шатыр, өзенге;
Қыздар солай суға түсе барғанда,
Үстерінен жігіт шыға қалғанда,
Қып-қызыл боп, жерге қарап сасады:
Жүгермектен қайда бірақ қашады!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері