Ызалы топ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ызалы топ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 678
Ызалы топ көрдiм.
Тiстерi –
Тас шайнағандай! –
Шықыр-шықыр етедi.
Сүйектерi сынып кетердей
Күтiр-күтiр етедi.
Өз сирағын өзi шайнаған
Қақпандағы қасқыр секiлдi.
Ендi сәл болса –
Оңбаған бiреулер үшiн! –
Құтырып кететiн
Албасты басқыр секiлдi.
Дегендерi болмаса
Не асылып қалардай,
Не шашылып қалардай.
Опасыз бұл дүниенi
Тергеп-тексерiп
Әбден ұққандай.
Қандарын iшiне тартқан,
Түстерi әлемтапырық
Көрден шыққандай.
Тiлдерi қып-қызыл! –
Жүректi өртеген
Шерге күйгендей.
Қолыңды созсаң,
Қолыңнан шап берiп
Көрге сүйрердей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері