Өлең, жыр, ақындар

Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге...

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 504
Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге,
Құшақтай алмай созады қолын Ай жерге.
Мен өзіңді, мен өзімді жоғалттым,
Қай ғасырда? Қай заманда? Қай жерде?
Суық бақта қолыңдағы шырақ қап,
Жылы баққа кеттің бе екен жырақтап?
Қай аспанда самғап жүрсің қалықтап,
Қай мезгілде қалып кеттің тұрақтап?
Көрінбедің еменімнен, талымнан,
Қай сағатта ізің өшті жолымнан?
Қай минутта алдым сені жоғалтып,
Қай секундта ұшып кеттің қолымнан?
Жылап тұрып шаштарыңды тарайсың,
Жаным ескі сезім толы сарай шын.
Қай жүректің сағатында секундсың?
Қай жанардың әйнегінен қарайсың?
Қай сөйлемге қалдың екен матасып,
Қай шимайға түсінбедің шатасып?
Қай қиылыс сені менен жасырды,
Қай көшеде кеттім екен адасып?
Келші маған уақытқа бұл бас ұр да,
Араласпай қызылға да, жасылға.
Сені менен жасырып жүр жылдар да,
Сені менен қызғанып жүр ғасыр да.
Ақ бұлттарға қиял гүлін күнде егем,
Екеуміздің арамызда түн бе екен.
Біздің ғасыр өтіп кеткен, амал не?
Мына ғасыр екеумізге тым бөтен…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз бен өмір

  • 0
  • 0

Бір соғылмай тұра алған бұл бас қашан?
Жарқ етсін от, жүрегіңе тас қаша!
Ертеректе мен сезінген, мен көрген,
Мынау өмір басқаша еді, басқаша!

Толық

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге

  • 0
  • 0

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге,
Жаным –
парағы былтырғы газеттің,
үстеліңде қалған қақталып күнге...

Толық

Жүр, қалқам, ауылға!

  • 0
  • 0

Себепшісі жүрегімде бір емнің,
Сені көрер сылтау бітпес білем мың.
Сен Алматы апортысың қып-қызыл,
Мен Меркінің арғымағы, күреңмін.

Толық