Төгіліп жатты еденде шуақ – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Төгіліп жатты еденде шуақ» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төгіліп жатты еденде шуақ,
Күннен үзілген арай тосамын.
Сәуледен түсті көлеңкем құлап,
...Жасыра алам қалай азабын?

Тоңған шуақты көтеріп келем,
Қонған шырақты ұшырып алмай...
Қағаз боп кетсем кеберіп денем,
Ұсташы жерге түсіріп алмай...

Сөреде қалам уақыт болғанда,
Қағаз тәнімді жаныма орап...
Суыған -сәуле, қатып қалған -нұр
Жүректің бәрі –
қоңырайған хат...

Маржан үзілді, бұлақ төгілді...
Нұрды сипашы үсіген, суық.
Параққа сіңген шуақ секілді,
Сағыныш қалар ішіме тұнып...


Пікірлер (1)

Әбутәлі

Бұлаққа. Бұлақ

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері