Өлең, жыр, ақындар

Суықты сүйетінім несі екен

  • admin
  • 24.04.2024
  • 0
  • 0
  • 427
Суықты сүйетінім несі екен
Жылытқым келгенінен болар.
Үп еткен лепке жапырақ тоңғақ
үсіпті күз қабығында қанап.
Жауын. Қолшатырлар. Жаяужол.
Жаңбырлар өтіп барып плащымнан
Ішіме тамып кететіні несі
Тәп-тәтті һам ащылау?
Ару қолшатырына қорғанды,
керек жоқ оған жауын...
жүрісі –
жаңбыр ғой, тұрысы да.
Таранған
шашынагүл қадағанжансыздау...
Астында қолшатырдың жауын-қыз,
жауыңыз дала асып, тау асып...
адымың – моншақ-моншақ тамшылар
мөлт етіп баяу басып барасың...
Қараша қарғалары таниды
досындай мен бейбақты...
неге ме?
Өйткені, менен ұшқан;
қарғалар –
қарқ еткен қарашығым, керегем,
бәтіңкем,
түнге жұтылған бөлмем...
Жаңбырдың жол кірлетті балағын...
Қолшатырыңнан сырғып бара жатқан
Қараша қарашығы ғанамын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз жанарындағы жас

  • 0
  • 0

Қалада: бұлыт исі, мұң исі.
Жаздың да алақаны сарғаяр
сүртем деп күздің жасын...
бұ несі,

Толық

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес

  • 0
  • 0

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес
әр жапырақтың тағдыры ерек...
Жапырағым-ай жанымыз түстес,
Айтып келдің бе тағы бір дерек;

Толық

Мен іздеген біреу бар

  • 0
  • 0

Мен іздеген біреу бар...
Ол жүреді асфальтында қазақтың,
Топлиымен қытайдың.
Оған білем, сұрғылт күзде жолыққан,

Толық