Өлең, жыр, ақындар

Кім дер едің

  • admin
  • 02.09.2024
  • 0
  • 0
  • 139
Бұл өмірде шын құдірет іздесең,
Баламаны таппақ болсаң Күнге сен.
Сиынатын Тәңірменен теңесер,
Тіршіліктің тұлғасы ол – кім десең ?
Кім дер едің? Ана дер ем!
Інісіне тек жақсылық қалаған,
Шырылдайтын қорғамақ боп жаладан.
Бауыр еті бауыры үшін қашан да,
Отқа, суға түсуге де бар адам
Кім дер едің? Әпке дер ем!
Асқар таудай қорғаны деп сенетін,
Мейірімен шуақ нұрын төгетін.
Жатжұрттық боп өзге жанға кетсе де.
«Ағатайлап» сағынышпен келетін,
Кім дер едің? Қарындас дер ем!
Олар үшін кейде алатын тілеп мұң,
Жолдарына келетін тек гүл еккің.
Бірде ақын, бірде батыр жасайтын,
Жиілетіп дүрсілін көп жүректің
Кім дер едің? Ару дер ем!
Ләззаты мен қуанышын татып мың,
Бірге мәңгі өткізетін жақұт күн.
Бөлісетін қайғы менен мұңыңды,
Сездіретін шұғыласын бақыттың.
Кім дер едің? Жарың дер ем!
Балапаным деп мейірін төккізген,
Әке болып маңдайынан өпкізген,
Тілеуің де, тынысың да сол болып,
Жан жылуы қорғап жүрген көп күзден.
Кім дер едің? Қызың дер ем!
Тіршілікті тіршілікке жалғаған,
Бітпейтұғын арналатын арман ән.
Нәзіктікпен айналаны нәзік қып.
Сұлулықпен дүниені қорғаған.
Кім дер едің? Әйел дер ем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талдықорған

  • 0
  • 0

Тастағам жоқ Талдықорған мен сені,
Сағынышым көтертпейді еңсені.
Өзің едің тазалықтың теңеуі,
Қуат Қайранбаев

Толық

Астана

  • 0
  • 0

Астана
Алыстан шалған маңайды,
Арқаның төсі арайлы.
Қуат Қайранбаев

Толық

Керек кезде

  • 0
  • 0

Керек кезде,
керек жерде тумадым,
Арпалысып атақ-мансап қумадым.
Қуат Қайранбаев

Толық

Қарап көріңіз