Cезімнің тербеп ерке елесі – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Cезімнің тербеп ерке елесі» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Cезімнің тербеп ерке елесі,
Ұмыта алмайтын шығарсың.
Пендеге ұқсап өкпелемеші,
Періштелерге сыңарсың.
Ойымда ылғи жүресің неге,
Тарқата алмас түн келіп.
Сен мені енді «сүйемін» деме,
Армандарыма гүл беріп.
Қалауым менің алыста ғана,
Тау жақтың өстім гүлі боп.
Ақиқат деген ғарышта ғана,
Өтірігім жүрер тірі боп.
Адасып жүрген талғамым екен,
Үміт боп жүрек тіл қатсын.
Мен сені неге таңдадым екен,
Қосылмауың үшін қымбатсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері