Мықтыбек – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Мықтыбек» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қиқар бала Мықтыбек,
Дымым құрып бітті деп –
Жүгіріп кеп, тіл алмай
Суық суды жұтты кеп.
Шөлі қанды, балқыды
«Жақсы-ақ судың салқыны».
Бірақтағы ертесі,
Ісіп кетті алқымы.
Тұла бойы дірілдеп,
Жұтқыншағы іріңдеп,
Қайта-қайта түшкіріп,
Түсті әлекке мұрын көп.
Сыздап аяқ-қолдары
Шаншиды иық, жондары.
Тауып берген апасы
Дәрі шипа болмады.
Енді қайтсін Мықтыбек,
Әлім құрып бітті деп.
Барған еді доғдырға
Ащы уколды сұқты кеп.
– Ой, жамбасым, жамбасым,
Ойбай, апа, қайдасың? –
Деп Мықтыбек ойбайлап,
Көрді судың «пайдасын».


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері