Сағыныш сазы
Бұл бетте «Сағыныш сазы» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаз көңіл қайда құлпырған жасыл шалғынды,
Адасып қалдым, арқалап қалдым бар мұңды.
Сұп-сұр қаланың сұқтана қарап сұрқына
Егіліп тұрып еске алдым туған аулымды.
Бұтасы қорыр қамалын сары шағылдың,
Құм басқан дала - өзіңе ғана табындым.
Ата-ана, бауыр – аңсадым, бәрін аңсадым,
Қыр перзентімін, қырдағы тірлік...сағындым.
Шыжыған жазың қуырып жерді құрғатсын,
Ұйтқыған желің құшақтай қысып тіл қатсын.
Қысыңда тоңып, солуға күзде мен дайын
Көктемде қайта түлетер құтты құндақсың!
1996 жыл.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі