Жұбату

Бұл бетте «Жұбату» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Суый қалды маңайымыз күз келіп,
Жапырақтар жарысады бізге еріп.
Терезмнің түбіндегі қара ағаш,
Жейдеңізді шешпегенсіз Сіз неғып?
Қуқыл тартып иектеген қырды сыз,
Жел өтінде қорғанады құрбы қыз.
Жалт беруге жапырақтар тұр даяр
Әлде, әлде... аяды ма Сізді күз?
Дертің бар ма тамырыңда, діңіңде,
Мұңлысың ғой, қара ағашым, мұның не?
Жабыққанда сырласарым өзің ең
Өтінемін, қара ағашым, бүлінбе!
Қасқайып тұр, қане ағашым, бүгілме,
Мені тастап кете көрме, бүлінбе!
Жалғызсың ба, жалықтың ба, жылама
Мен де сендей қалам жалғыз түбінде..!
2012 жыл.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері