Қасқа құлын – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Қасқа құлын» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Атам маған ауылда
қасқа құлын сыйлады.
Қарамайды жауынға,
аулаға да сыймады.

Күндіз шауып шынығып,
түнде алатын тынымын.
Күн аймалап тұлымын,
ойнақтаған құлыным.

Жазда бардым сағынып,
өсіп кеткен тай болып.
Тағалары қағылып,
бәйгеге тұр сай болып.

Ақ тұлпарым ағынды
кең даламда көсілген.
Қасқа құлын шағыңды
шығармаймын есімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері