Шыңдағы крест – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Шыңдағы крест» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1574
Кавказдың бір серегімәлім маған,
Тек қана бүркіт жетіп дамылдаған.
Сол жерде ағаш крест қалтырайды,
Шіриді жауындар мен дауылдардан.
Тұрғалы ол қиядан көз шалатындай,
Белгісіз жылдар өтті тағат қылмай.
Созады тарам-тарам қолын көкке
Бұлттарды шалғайынан алатындай.
Басына шамам болса шығар менің,
Дұға оқып егіліп бір жылар едім,
Содан соң өмір торын тас-талқан қып,
Дауылмен бір туғандай тұрар едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері