Маған сенің есімің ғана ұнайды
Өзгеше өмір салтым, бөтен ғұрпым,
Өзгеше мендік болмыс, бөтен күлкім.
Ешқашан кетпейтіндей жүремін де,
Ешқашан сүймегендей кетем бір күн.
Өзгеше өмір салтым, бөтен ғұрпым,
Өзгеше мендік болмыс, бөтен күлкім.
Ешқашан кетпейтіндей жүремін де,
Ешқашан сүймегендей кетем бір күн.
Ұясына күн кіргенде ұялып,
Естілді ме ең əуезді күй анық?
Көктің жүзін түнде жұлдыз жапқанда,
Отырдың ба мені еске жиі алып?
Жаз жұпары келгендей қыраттардан,
Кəусарына қандырған бұлақтардан.
Жүз адамға сəлемді бергеніңмен,
Ақылыңа көнбейді бірақ, талғам!
Қарашада қара суға қақ тұрды,
Атам қойын суық желге бақтырды.
Бүрсең қағып бара жатты бір апа,
Əжімдері мұң айтуға шақ тұрды.
Əуен біткен сезімдерді жырлай ма?
Оны да тек жүрегі бар тыңдайды ə?!
Бақ ішінде кезек-кезек əуелеп,
Күй төгіп тұр домбыра да сырнайға.
Жанымда жүрші, жігерімді құлатпа,
Жырым боп еніп, жадымда менің тұрақта.
Күйкі тірліктен көңіл түскенде құлазып,
Ештеңе деме, жай ғана мені құшақта!
Жасыл нұрға боялған дала мынау,
Күміс шықтан күлкі іздеп салам сұрау.
Гүл аңқыған әлемге арбалам да,
Тағы ғашық, мен осы боламын-ау!
Қызғалдағы жоқ қырлардан,
Сағынышы жоқ мұңдардан,
Сезімнен ада жырлардан,
Айтылмай қалған сырлардан
Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.
Қараша күз, қараша айы, қара жел,
Қара желмен ырғалады дала, бел.
Жапырағын шашып алған ағаштың,
Мұң мен зарын әуре ме екен санап ел?
Не тілейін мен саған,
Айтасың - ау деп өмір жалған.
Жоқ,жоқ сен қатаелеспе,
Өмір деген керемет емес пе қалқам.
Кездесуден кейін талай ойлар келді,
Шахановтың керемет қой сіңген еңбегі.
Талай жанды салған тура жолға,
Деп ойлаймын дұрыс бопты бергені,
Киіп жүріп қу тірліктің қамытын,
Ұмыттық па Жаратқанның жарлығын.
Бұйрық түскен күні ел-жұрт абдырап,
Талай жанның дайындайды табытын….
Машинада радиодан болды сұхбат,
Бақыт деген не деген сұрақ.
Көпшіліктің пікірін білмек болып,
Бақыт туралы кім, не ұқпақ?
Аллаға шүкір ,шүкір деймін,
Қайсарымды көргенде өзімнен өзім күбірлеймін.
Көрсе мені өзгелер таң қалар -ау,
Сонда да мен өзгермеймін.
Бақытты сәт болды кеше,
Сұрарсың қалай,неге?
Қазақтың біртуар ақыны
Мұхтар Шаханов келді бізге.
Мен бақытты баламын,
Көгімде ашық аспаным.
Жасыл жайлау даламда,
Асыр салып ойнаймын.
Алматыға күз келіпті,
Жүрекке ме жоқ әлде?
Жапыраққа сыз қоныпты,
Көндігесің, амал не?
Қоңыр кеші қаланың неткен әсем!
Қоңыр желдің жүзімді өпкені әсем!
Қоңыр пальто киіп ап қоңыр күзде
серуендейтін анамды жоқ демесең.
Байлар деген — несібелі адамдар,
Байлар деген — қиялға бай жарандар.
Арманына адал болып, соңында -
Төзімдерін шыңдай білген тұлғалар.
Қар жауып тұр жапалақтап тамаша,
Мәз боласың қуанып балаша.
Жауа берші тоқтамашы дер едім,
Әдемілік тұнып тұр ғой бойыңда.
Суық дейміз ауа райын,
Суымасын ортамыз ағайын.
Қуаныштар көбейіп,
Жылылықтың отын мен жағайын.
Таң атты күзгі салқын,
Тереземді булап алатын.
Қараймын үңіліп мен,
Бұл кез күн сәулесін сағынатын.
Мен шет тілдері маманымын,
Бәрін білген өзге тілдің.
Өз тілімді құрметтеп,
Насихаттаушының мен бірімін.
Сендер бүгін серт бердіңдер айнымас,
Жас жұбайлар тәтті өмірге қадам бас.
Ойларыңа орнатсаңдар сүзгіні,
Некелерің тас қамалдай болар рас!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі