Майдақоңыр (1 нұсқа)
Жігіттің падишасы-ай, Әмір-Темір,
Әмір-Темір, а-уай,
Бозбала әнге салсаң, шіркін-ай,
Қайғың кемір, а, уай-ай.
Жігіттің падишасы-ай, Әмір-Темір,
Әмір-Темір, а-уай,
Бозбала әнге салсаң, шіркін-ай,
Қайғың кемір, а, уай-ай.
Мақпалдың шығар бешпент он бір көзі,
Кем көрмен алғанымнан деген өзі.
Леллә, ләллә, Ләллаш-ау.
Ауылың бірге жүрген кетсе басқа,
Ақша бетің, Ләйлім қыз, айдан да аппақ, а-ей,
Таба алмадым аулыңды айналақтап.
Қарындасым,
Шығады көзден жасым-ай.
Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
Жүремін-ау, сені ойлап күнде азып.
Тіліңнен бір сүйгізсең аузыңды ашып,
Алты айға-ау болар еді маған азық.
Қыран бүркіт келмейді қайыруға,
Не демейді қос дұшпан айыруға.
Қаламқас,
Қалдау кейін қайран жас.
Әркім ерер жақсыға-ей, үмітпенен,
Жамандарға қарайды ел күдікпен-ай, е, е,ей.
Қызмет етіп, қол созған-ей арманына,
Ел сенімін ақтайды-ай жігіт деген, ай, е,е,ей.
Қолыма бір қамшым бар алтындаған,
Кейбіреу ұстай алмай қалтылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса да,
Ішінде сен қоңыр қаз (ой, сәулем) қаңқылдаған.
Салғаным оң қолыма алтын жүзік,
Сүйгенім кете алмайды күдер үзіп.
Қолымнан қапияда кеттің шығып,
Аққудай көл-дарияда жүрген жүзіп.
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл күнде қыздар бізгеқызығар ма?
Жігіттер, жолдас болсаң, жақсымен бол,
Жақсы алтын қайда жүрсе бұзылар ма.
Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.
Қызды жан деп, құдайым-ау, жаратады,
Қара шашын қайырып-ау, таратады.
Әлпештеген біреудің-ау баласы едім,
Қандай жанның қолына-ау қаратады.
Дегенде қызыл уық-ей, қызыл уық,
Бір табан қыз байғұсқа шеше жуық-ай.
Кетеміз жер түбіне-ей, біздер байғұс,
Әкеге соның үшін болдым суық-ай.
Қалам алып хат жаздым-ай, қалқам, саған,
Дидарласар күн қайда есен-аман.
Күндіз естен кетпейсің-ай, түнде түстен,
Бекер екен дүние сенсіз маған.
Өлең білсем, ей, қалқа, өлең білсем-ау,
Не көрмейсің жалғаннан өлмей жүрсең-ау.
Дүниеден армансыз өтер едім-ау,
Өзім сүйген қалқамен бірге жүрсем-ау.
Міндім де кер бестіні-ау, сауырладым-ай,
Біздерге қараса жүр-ау, бауырларым-ай.
Не жаздым, япыр-ай, жалған-ай,
Біреудің оң қарасын-ау алды әкем-ай.
Ақ халатын, тағдырына байлаған,
Өмір-теңіз толқынына мойымаған.
Талай уақыт арман еткен кәсібін,
Жүрегімен жақсы көрген жайсаңнан.
Дүниенің ойнап-күл жарығында,
Жан қартаяр көңілдің жарымында-ай.
Толғаннан соң туған ай, о да қайтар,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.
Есік алды қара су ылай-ай деп, ай!
Сермей салдым қолымды, ал құбым-ай,
Былай-ай деп, ай!
Сен сәулемнің кетерін ойлағанда-ай,
Біздің ауыл, мінекей, колхоз аулы,
Өсуіне колхоздың еткен қаулы.
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Атым мінген астымда ақ кіндікті,
Сенің үйің белгілі боз түндікті.
Угай-ай, угай-ай, құрбым, ай-ау.
Ат өксітіп алыстан келгенімде,
«С»-дан бастап оқысаң,
Ел ағасы сұлтанмын.
«Ұ»-дан бастап оқысаң,
Табандағы ұлтанмын.
Жаңа туған жас бұлақ
Жадырап жазды қарсы алды.
Тебініп тасты атқылап,
«Жолымды аш!» деп жар салды.
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып, көгерсін,!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін!
Ар жағында Ертістің нұр жайлаған,
Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған?
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.
Бозбалаға лайық ойнап-күлмек,
Үйлесімді заманның жөнін білмек.
А-ай! Құбажай,
Осынау әнім, ә, жанға жай.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі